сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 22:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Азамат Доланбаев ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Азамат Доланбаев ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді
Фото: lider.kz
Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«A Class Medical» компаниясының басқарушы менеджері болып қызмет еткен Азамат Доланбаев ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, іздеуде жүр. Ол адам денсаулығына зиян келтіргені үшін айыпталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Кеше lider.kz еріктілер қозғалысының парақшасында Доланбаевқа іздеу жарияланғаны туралы хабарлама пайда болды.

Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Азамат Д. ауыр дене жарақатын келтіруге байланысты қылмыстық іс бойынша іздеуде. Медеу аудандық полиция бөлімі оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сот күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі HALYQSTAN басылымына берген жауабында. 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар