сейсенбі, 11 наурыз, 2025 21:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Асу Алмабаев жеңіліс тапты

Асу Алмабаев жеңіліс тапты
Фото: UFC
Ол өз жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2-0) UFC-де алғаш рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде  португалиялық файтер Манель Капемен (20-7-0) кездескен.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жеткен жоқ. Асудың қарсыласы шыққан тегі анголалық Манел Капе үшінші раундта ширақ қимылдап, белсенділік байқатты. Асу қарсыласының ауыр соққыларына төтеп бере алмай, октагонды айнала қозғала бастады. Осы сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатып, оның аяқталғанын жариялады. Төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут.

Сөйтіп қазақстандық файтер UFC-дегі бесінші жекпе-жегін сәтсіз аяқтады. Ол осыған дейін қатарынан төрт рет жеңіске жеткен болатын. 

Жалпы, 31 жастағы қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектегі (ММА)  мәнсабында 21 мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, үш рет жеңілген.  

Ол өз жанкүйерлеріне алғыс айтып, алдағы мақсаттарын айқындап өтті:

Барша қолдап жатқан бауырларға көп рахмет! Бір-бірімізді қолдап жүрейік. Құласақ та, көтерілсек те, қолдап жүрейік. Белбеуді алып келемін, иншалла. Сондықтан ер адам болған соң неше түрлі жағдай болады. Ақталмаймыз, – дейді Асу Алмабаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар