
Жарыста 23 елден 300-ден астам спортшы бақ сынасса, Қазақстан намысын 32 спортшы қорғауда. 15 ақпанда жерлестеріміз 14 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 5 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль! "ПП-МИКС" аралас сынағында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды, команда құрамында: ФЕДЬКИН КИРИЛЛ (Павлодар облысы) және СЕЙЛ МАЛИКА (Шымкент қ.).
Жасөспірімдер арасында "10m air pistol" сынағында ЦУКАНОВ Кирилл (Астана) алтын медаль, ал ФЕДЬКИН КИРИЛЛ (Павлодар облысы) қола медаль жеңіп алды! Ерлер арасында РАХИМЖАН ВАЛЕРИЙ (Алматы қ.) күміс медаль жеңіп алды! Командалық сайыста әйелдер арасында құрамында ЮНУСМЕТОВА ИРИНА (Шымкент қ.) АКСЕНОВА ОЛЬГА (Маңғыстау облысы) ПОПЕЛОВА ВАЛЕРИЯ (Алматы қ.) бар Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Ал, "ПП-МИКС" аралас жаттығуында Қазақстан құрама командасы күміс медаль жеңіп алды. Команда құрамында: ФЕДЬКИН КИРИЛЛ (Павлодар облысы) және СЕЙЛ МАЛИКА (Шымкент қ.).
Командалық есепте "10m air pistol" жаттығуы жасөспірімдер арасында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, команда құрамында: ЦУКАНОВ КИРИЛЛ / ФЕДКИН Кирилл / ЫНТЫМАҚБАЙ РАМАЗАН! Сондай-ақ, УСТИНОВА КРИСТИНА ,ӘЛІМБЕК СӘУЛЕ, СЕЙЛ МАЛИКА "10m air pistol" командалық сынақта жасөспірімдер арасында екінші тұғырға көтеріліп, күміс медаль "ВП-микс" аралас жаттығуында Қазақстан құрамасы алтын медальді жеңіп алды. (БЕЗРУКОВА ЕЛИЗАВЕТА , МАЛИНОВСКИЙ КОНСТАНТИН). Сондай-ақ, "ВП-микс" аралас жаттығуында жасөспірімдер арасында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды (ГРИГОРЬЕВА АНАСТАСИЯ, НОСКОВ ОЛЕГ). Азия біріншілігінде сонымен қатар "10m air rifle" сынағында жасөспірімдер арасында НОСКОВ ОЛЕГ,КИМ ДМИТРИЙ, КАЗАЧЕНКО РИНАТ ел қоржынына күміс медаль салды.
Ал, Жеке есепте "10m air rifle" бәсекесінде ерлер арасында Сатпаев ИСЛАМ күміс медаль, әйелдер арасында Ле АЛЕКСАНДРА қола медаль, жасөспірімдер арасында НОСКОВ ОЛЕГ алтын медаль жеңіп алды! Командалық сынақта болса, ерлер арасында құрамында Сәтбаев ИСЛАМ, ШАХТОРИН НИКИТА, МАЛИНОВСКИЙ КОНСТАНТИН алтын медаль жеңіп алды.
Жарыстың мәреге жетуіне әлі екі-үш күн бар. Дегенмен, өте жақсы көрсеткіштерімен жанкүйерлерін қуантып жүрген ел спортшыларын осындай жетістіктерімен құттықтаймыз!
Ғ. СӘРСЕН
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.