
Алматыдағы тұрғын-үйлердегі пәтерлердің бірінде адамды күштеп ұстап, азаптаған полицейлерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы сот шешімін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.
«Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді», – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне еніп, полицейлер арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған. Прокуратура ұсынысы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылау жүргізбеген әрі қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Еске сала кетейік, 2023 жылы 29 наурызда полиция қызметкерлері бірі туысының пәтерінде жәбірленушіні бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату үшін азаптап, заңға қайшы әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге дене жарақатын алған болатын. Кейін жәбірленуші сотқа арызданып, кейін қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.