дүйсенбі, 24 ақпан, 2025 0:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шаңғыдан қола жүлде алды

Шаңғыдан қола жүлде алды
Фото: ҰОК
Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.

Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдегер атанғанын хабарлаған едік.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар