Джо Байден билікке келгеннен кейін хуситтер АҚШ-тың «шетелдік террористік ұйымдар» тізімінен шығарылды, деп хабарлайды ВВС.
Дональд Трамп «Ансар Аллах» (Йеменнің көп бөлігін бақылайтын хуситтер) тобын террористік ұйым ретінде қайта тану процесін бастау туралы жарлыққа қол қойды.
- Хуситтердің әрекеттері Таяу Шығыстағы америкалық бейбіт тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне, ең жақын аймақтық серіктестеріміздің қауіпсіздігіне және жаһандық теңіз саудасының тұрақтылығына қауіп төндіреді, - делінген құжатта.
Джо Байден 2021 жылы президент болып сайланған соң хуситтер АҚШ-тың «шетелдік террористік ұйымдар» (FTO) тізімінен шығарылды.
2023 жылдың қазан айында ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылынан кейін хуситтер халықаралық кеме қатынасы мен Израиль аумағына шабуыл жасай бастағанда, Ақ үй оларды «жаһандық белсенді террористік ұйым» тізіміне қайта қосты.
Трамп жарлығында Иранды қолдайтын хуситтер 2023 жылдан бері АҚШ әскери кемелеріне ондаған снаряд жаудырды. Сонымен қатар БАӘ әуежайларын қоса азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасағаны және Израильге 300-ден астам снаряд атқылағаны айтылған.
- Хуситтер сондай-ақ Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелерге 100-ден аса шабуыл жасап, салдарынан кем дегенде 4 адам қаза тапты. Ал Қызыл теңіздегі кейбір коммерциялық тасымалдаушылар бағытты өзгертуге мәжбүр болды. Бұл жаһандық инфляцияның өсуіне ықпал етті, - делінген құжатта.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.