Атырауда 1 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі Жайық өзенінен табылды
- авторОймақ
- Бүгін, 10:38
- 31
Атырауда 57 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Оның мүрдесі 1 күннен соң Жайық өзенінен шығарылды.
Кеше әлеуметтік желіде ер адамның жоғалғаны туралы хабарланып, суреті жүктелді. Ол үйінен 21 қаңтарда таңғы сағат 4:00-де шығып кеткен. Туыстарына Жайық өзенінің жағалауында екенін айтқан.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан мәлім еткендей, хабар-ошарсыз кеткен 1968 жылғы азамат Жайық өзенінен іздестірілген.
– Іздестіру-құтқару жұмыстары Жайық өзенінің Атырау қаласындағы Жұмыскер елді мекені тұсында жүргізілді. Сүңгуірлер 22 қаңтарда сағат 17:00-ден өзеннің түбін сүзуді бастады. Кеше кешкі 19:35-те ер адамның мүрдесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды, - деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.
Жайық өзеніне батып кеткен адамды іздеуге төтенше жағдайлар департаментінен 9 құтқарушы қатысқан. Сондай-ақ 5 техника, 2 жүзу құралы мен 1 дрон тартылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Еділ Жаңбыршин Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды
- авторОймақ
- 22 қаңтар, 2025