Үй алып берем деп алдаған: тұрғындар 20 миллион теңгесінен айрылыпты
- авторОймақ
- Бүгін, 09:55
- 40
Ақтөбе облысында үй алуға көмектесемін деген желеумен азаматтарды алдап, 20 миллион теңгені қалтаға басқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Полиция департаменті жеңілдетілген несиелеу негізінде пәтер сатып алу саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Медициналық мекеменің қызметкері тұрғындарға жеңілдетілген несиелеу бойынша жалдамалы пәтер алуға көмек ұсынған. Кейін бұл пәтерді жекешелендіріп беруге уәде берген. Қазір 30-дан астам жәбірленуші анықталды, залалдың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асады.
"Егер аталған күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, олар арыз беру үшін №2 қалалық полиция бөліміне жүгіне алады. Алаяқтық схемалардың алдын алу және зардаптарын жою үшін мұндай жағдайлар туралы уақытылы хабарлау аса маңызды", – дейді полиция қызметкерлері.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.