Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 20 сигареттен тұратын фильтрі бар темекі пакеттерінің, фильтрі жоқ темекі, папирос, сигарилл мен қыздырушы темекі өнімдерінің минималды бағасы 870 теңгеге көтерілді.
Айта кетейік, 2024 жылы минималды бағаның екі рет көтерілгені байқалды. Жыл басында – 770 теңгеге, ал 15 шілдеден бастап – 820 теңгеге артты.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылы шілдеде Ұлттық статистика бюросы ересек тұрғындар арасында темекі шегуге қатысты жыл сайынғы кезекті зерттеуін жүргізді. Сауалнама республикадағы барлық өңірлерді, оның ішінде ірі қалалар – Астана, Алматы және Шымкентті қамтыды. Алынған нәтижелер бойынша, қазіргі уақытта халықтың 20,7%-ы темекі шегетіні анықталды. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 19,4% болған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.