сейсенбі, 7 қаңтар, 2025 9:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Күзетшіні аяусыз ұрып-соғып, айуандықпен өлтірді деген күдіктінің ісі сотқа жетті

Күзетшіні аяусыз ұрып-соғып, айуандықпен өлтірді деген күдіктінің ісі сотқа жетті
фото: скрин
Экс-прокурордың ұлының ісі сотқа жетті.

Алматыдағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде  күзетшіні аяусыз ұрып-соғып, айуандықпен өлтірді деген күдіктінің ісі сотқа жетті.

Ол Алматы қаласында сотқа қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-ші тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және Қазақстан Республикасы 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталып, қамауға алынған болатын.

 Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда. Сонымен қатар тергеу сотталушыны өзінің танысы А-ға қатысты әлеуметтік желілер арқылы порнографиялық бейнероликтерді таратқаны үшін айыптайды, – делінген сот хабарламасында.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, күдіктінің есімі – Асқар Тастандиев. Ол1994-1995 жылдары Жоғары Кеңестің депутаты болған Саламғазы Тастандиевтің ұлы. Әкесі бір кездері Талдықорған облысында прокурор болып жұмыс істеген. 

Көктемде күдіктінің жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет күзетшіні басып, артынан сабап, басына секірген видеосы желіде тараған еді. Қайтыс болған марқұмның есімі – Нұрбол Қайыпбаев екенін жазған. Оның жасы – 30-да болған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар