Украинаға қарсы соғысқан 22 жастағы өзбекстандық шартты түрде 5 жылға сотталды
- авторОймақ
- 6 қаңтар, 2025
- 41
Айыпталушы депортацияның орнына армияға қосылуды таңдағанын және материалдық жағдайына байланысты осындай шешім қабылдағанын айтты. Соғысқа қатысқаны үшін ол медаль алып, Ресей азаматтығын иеленген.
Ферғана облысы Құштепе аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты 21 қарашада Украинаға қарсы Ресей армиясы қатарында соғысқан өзбекстандық азамат А.Х-ға қатысты үкім шығарды.
Сот материалдарына сенсек, 2022 жылдың 30 қарашасында А.Х Мәскеуге жеке жоғары оқу орнына оқуға келген. Оқу кезінде материалдық пайда үшін Ресейдің қарулы күштерімен келісімшартқа отырып, Украинаға қарсы әскери қимылдарға қатысуға шешім қабылдаған.
2023 жылдың 23 тамызында ол Ресей қарулы күштерімен бір жылдық келісімшартқа отырған. Оның айлық жалақысы 350-400 мың рубль болған. 2023 жылдың 13 қазанынан 2024 жылдың ақпанына дейін ол Украинадағы Луганск және Донецк облыстарында әскери қимылдарға қатысқан.
Айыпталушының айтуынша, ол 2021 жылы Мәскеудегі "Синергия" жеке оқу орнына оқуға түскен. Оқып жүрген кезінде маусымдық жұмыстарда істеген.
2023 жылдың жазында құжаттарының жоқтығына байланысты Мәскеуде полицияға ұсталып, оған екі таңдау ұсынылған: депортация немесе армияға қосылу. Ол армияны таңдап, шақырту қағазын алған.
2023 жылдың 17 тамызында Тольятти қаласында әскери дайындықтан өткен;
13 қазанда Луганскіге жіберілген;
Донецкіде әскери операциялар кезінде бас-ми жарақатын алып, контузия және баротравма алған;
2024 жылдың ақпанына дейін Донецкіде емделіп, кейін Самараға оралған.
Соғысқа қатысқаны үшін ол жалақы алып, сонымен қатар Тольяттиден көлік пен пәтер сатып алған. Сондай-ақ медаль мен Ресей азаматтығы берілген.
2023 жылдың 14 қыркүйегінде ол әскери қызметтен кетуге шешім қабылдап, Қазақстан арқылы Өзбекстанға оралған. Ол Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан өтіп, көлігін Қазақстанда қалдырып, Өзбекстанға жаяу өткен.
"Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, материалдық қиындықтар мен отбасылық жағдайын жеңілдететін фактор ретінде көрсетуді сұрады. Сот оны Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 154-бабының 1-бөлігі бойынша (жалдамалы болу) айыпты деп танып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды", – делінген сот хабарламасында.
Шартты жаза талаптары:
Жұмысқа орналасу;
Тұрғылықты жері немесе жұмысын өзгерткен жағдайда ІІБ-ге хабарлау;
Әр айдың 15-і және 25-інде тіркеуге келу;
Ойын-сауық орындарына бармау;
Түнгі сағат 21:00-ден таңғы 07:00-ге дейін тұрғылықты жерде болу.
Бұған дейін Ресейдің атынан әскери шабуылға барған тағы бір Батыс Қазақстан облысының азаматы Украинада қаза тапқан еді. Қоғам белсендісі және журналист Лұқпан Ахмедьяров өзінің Instagram парақшасында Украинадағы соғыста қаза тапқан БҚО-ның тағы бір азаматы туралы хабарлады. Ол 41 жастағы Айбек Рамазанов болып шықты. 2023 жылы ер адам Ресей қарулы күштерінің қатарына ерікті болып тіркеліп, Украинаға қарсы соғысқа қатысқан. Паспорт мерзіміне қарағанда, Рамазанов құжатты 2024 жылдың екінші тамызында алған. Құжат Донецк Халық Республикасында берілген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Корея халқы ұшақ апатына байланысты бір апта бойы аза тұтатын болды
- авторОймақ
- 30 желтоқсан, 2024