Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылында туған.
С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтының түлегі (1996). 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде екінші жоғары білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.