Мақтарал ауданы білім бөлімінің 43 қызметкері бюджет қаржысын жымқырған
- авторОймақ
- 6 қаңтар, 2025
- 830
Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.
Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.
Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы ерекше балалар орталығындағы жанжал: қызметкер қамауға алынды
- авторОймақ
- 4 наурыз, 2026
Алматыда түзету орталығы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- авторОймақ
- 4 наурыз, 2026






