жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 19:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сирияда қазір қанша Қазақстан азаматы бар

Сирияда қазір қанша Қазақстан азаматы бар
Фото: report.az
ҚР Сыртқы істер министрлігі кейбір қазақстандықтардың неліктен тұрақсыз саяси жағдайда қалуды таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Оimaqnews.kz KAZINFORM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігі бүгін Сирияда еліміздің 33 азаматының қалғанын хабарлады. Олар негізінен кезінде Сирия азаматтарына тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкелген қазақ әйелдері.

— Осы республикада төңкеріс басталған кезде біздің консул олармен байланысқа шығып, үйлеріне қайтқылары келе ме деп сұрады. Қазақстанға қайтқысы келетіндер қазір елде. Дипломаттар қалғандарымен тұрақты байланыста, — делінген СІМ мәлімдемесінде.

Бұған дейін жаңа билік сириялықтарды отанына оралуға шақырғанымен, халықаралық ұйымдар елдегі жағдай өте ауыр күйінде қалып отыр деп дабыл қаққаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Сирияның қираған бөлігін кім қалпына келтіретіні айтылды.

Сондай-ақ, Германия канцлері сириялық босқындарға қолдау білдіргені хабарланды

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар