Доллар бағамы: бүгін ақша айырбастау пунктерінде 522-529 теңгеден саудаланып жатыр
- авторОймақ
- 20 желтоқсан, 2024
- 41
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 - 529 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 20 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 524,02 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,09 теңге. Еуро – 545,19.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 527 теңге. Еуро 545,5 - 550,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 522 теңге, сатып алу құны – 529 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді 10 пайыз жарна салып, ипотекаға дайын үй ала алады.
- авторОймақ
- 10 желтоқсан, 2024