жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 12:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Санатта бар, санда жоқ: жекеменшік балабақша құрылтайшысы сотталды

Санатта бар, санда жоқ: жекеменшік балабақша құрылтайшысы сотталды
фото: ашық дереккөз
Жалған мәлімет ұсынған.

Шымкентте жалған мәлімет беру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған екі жекеменшік балабақша құрылтайшысы сотталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы екі балабақшада бала санына қатысты жалған мәліметті анықтаған.

“Олар Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәлімет ұсынып, қаржы алып келген. Осылайша 8 млн теңгеден астам бюджет қаржысын иеленген.Қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттың үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағаны сотталып, келтірілген шығын толығымен өндірілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар