Орал билігі жергілікті тұрғындарға су басу қаупі барын ескертті
- авторОймақ
- 19 желтоқсан, 2024
- 49
Жергілікті билік тұрғындарға 2025 жылдың көктемінде су тасқыны қайталануы мүмкін екенін ескерткен.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтың сөзінше, төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету ережелері өзгеріссіз қалса, жергілікті билік қайтадан су тасқыны болған жағдайда саяжай тұрғындарына баспаналарын қалпына келтіруге көмектесуі керек.
Дегенмен Речник, Венера, Вольна, Орбита, Зенит және Самал саяжайларының тұрғындары басқа баратын жері болмағандықтан, осында тұруға мәжбүр екенін айтып жатыр.
Дүйсенғалиевтің айтуынша, 40-тан астам саяжайға зерттеу жүргізіліп, адамдар қалып қойған 900 үй анықталды.
"350 отбасына ықтимал су тасқыны қаупі туралы хабарлама берілді. Ал 2025 жылдың қаңтар айының соңына қарай барлығына хабар беру жоспарланып отыр. Биыл көктемгі су тасқынында үйлерін су басқан саяжай тұрғындары жаңа баспанаға ие болды. Қазір саяжайда тұратындар саны айтарлықтай азайды. Алайда комиссияның оң қорытындысын ала алмағандар саяжайларда тұрып жатыр. Қазір олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хабарлама берілді. Барлығы 43 саяжайдың 350 тұрғыны хабарлама алды. Бұл жұмыстар көктемге дейін жалғасады", – деді Дүйсенғалиев.
Әкімдік қызметкерлері мен еріктілер саяжайларда жұмысын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі саяжайлардағы тұрғындардың, үйлердің және үй жануарларының санын есепке алуға мүмкіндік беретін электронды мәліметтер базасын әзірлеп жатыр.
"Егер су тасқыны қайталанса, билік тағы да үйлерді қалпына келтіруге көмектеседі", – деді әкім орынбасары
Ережеге сәйкес, өзен жайылмаларында тұратын және үйлері жөндеуге жарамды деп танылған саяжай тұрғындарына қаржылай көмек көрсетіледі.
2024 жылы су тасқынынан кейін оралдықтар шығынды өтеу үшін 11 мыңға жуық шағым түсірген. Қазіргі уақытта демеушілер қаражаты есебінен баспаналары тұруға жарамсыз деп танылған 2589 отбасы жаңа баспанамен қамтамасыз етілді.
Жөндеу жұмыстарына тағы 487 отбасына 1,7 миллиард теңге бөлінді. Жалпы сомасы 4 миллиард теңге болатын біржолғы төлемді 10 мың 942 отбасы алса, 9 032 отбасына 4,1 миллиард теңгенің мүлкі өтелді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторОймақ
- 20 желтоқсан, 2024
Қазақстан Президенті мен Гвинея-Бисау Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
- авторОймақ
- 19 желтоқсан, 2024