Қоғам
Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тағы бір деректі жариялады
- авторОймақ
- 16 қараша, 2024
- 320
Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тағы бір деректі жариялады
ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тағы бір деректі жариялады. Яғни, оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталған.
«2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды.
2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат «Sensata Plaza» элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлігін сатып алды.
Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де «Rolex», «Prada» және «Fendi» брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды», — делінген агенттік хабарламасында.
Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Тергеу жалғасуда.
«Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз», — деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат параспорт федерациясындағы қызметінен алынды.
Оның алдында еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталып, оған қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала