жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 18:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарақшылық қылмысы үшін Ресейде жүрген күдікті ұсталды

Қарақшылық қылмысы үшін Ресейде жүрген  күдікті  ұсталды
фото: скрин
Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Қарақшылық қылмысы үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Қашып жүрген ер адам Ресейдің Тюмень қаласында ұсталды. Қылмыстың өзі 2023 жылдың тамыз айында Павлодарда болған. Күдікті мен оның сыбайласы танысына шабуыл жасап, денесіне ауыр жарақат салған.

"Ағымдағы жылдың сәуір айында ол Ресей Федерациясының Тюмень қаласының аумағында ұсталды, содан кейін ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - деп хабарлады Прокуратура.

Көп дене жарақаттарының нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыр зиян келген. Қылмыскерлердің бірі ұсталып 5 жылға бас бостандығынан айырылған.Ал екіншісі жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған болатын.

"Болжамды қылмысты іске асыру үшін күдіктілер тәуліктің түнгі уақытын пайдаланып, мас күйінде оларға бұрын таныс жәбірленушіні қараңғы жерге апарып, есін жоғалтқанға дейін ұрып - соғып, 200 мың теңгеге жуық мүлікті иемденіп кеткен",  – деді ҚР Бас прокуратурасы.

Қазір күдікті тергеу изоляторында. Ол мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар