жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 19:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Санжар Әділов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Санжар Әділов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: gov.kz
Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Санжар Әділов ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған.

1999 жылдан 2009 жылға дейін Алматы ІІД Әуезов және Бостандық аудандарының ІІБ, Алматы ІІБ тергеуші, аға тергеуші, бастықтың орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы, бастықтың тергеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

2009-2012 жылдары - Алматы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасы басшысы. 2012-2013 жылдары - ІІМ Тергеу комитеті әскери-тергеу басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

2012-2013 жылдары - ІІМ Тергеу комитеті әскери-тергеу басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

2013 жылдан 2018 жылға дейін Астана ІІД бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2018-2023 жылдары - ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.

2023 жылғы 12 мамырдан бастап - Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы.

2024 жылдың наурыз айында ІІМ Қарағанды академиясының жаңа бастығы болып тағайындалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар