Каспий жағалауына шығып қалған өлі итбалықтардың саны артуда. 24-29 қазан аралығында Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген мониторинг кезінде 289 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Inform.kz сілтеме жасап.
Теңіз жағасындағы мониторинг жұмыстарын Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері гидробиология және экология институтының өкілдерімен бірлесіп жасады.
Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің айтуынша, жағалау аймағының мониторингі жалғасуда.
«Жергілікті атқарушы органдар мен гидробиология және экология институтының, Qazaq balyk республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері сол жерге жұмыс істеп жатыр. Итбалықтардың өлімінің себептері тиісті зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін белгілі болады», - дейді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ержет Жарлықасын – күміс жүлдегер
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024