Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус неге қиындық тудырады – "Жаңа адамдар"
- авторОймақ
- 30 қазан, 2024
- 100
Қазақстанда қалалар қарқынды түрде дамып, көліктер саны артып келеді, бірақ қарапайым жаяу жүргіншілер жолының жақсаратын түрі жоқ. Бұл мәселе мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қатты байқалады.
Астанада Жаңа адамдардың «Город» жобасы белсенділері әлеуметтік эксперимент жүргізді. Астанада арбамен қозғалу қалай сезіледі? Белсенділерге блогер Еркебұлан Рүстемов те көмектесті. Ол өз блогында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірінің ерекшеліктері туралы айтып береді.
Қимыл-қозғалысы шектеулі Астана қаласының тұрғыны «Мәңгілік Ел» даңғылымен Триумф аркасы аумағына бағыт алды. Эксперимент барысында сынаушы көптеген кедергілерге тап болды. Еркебұлан жаяу жүргіншілер жолында пандустар бар болса да, олардың сапасы нашар екенін атап өтті. Олар тым құлама, тайғақ немесе тар болуы мүмкін, оны пайдалану қиын және қауіпті.
Тексеріс аумағындағы көптеген жаяу жүргіншілер жолы қажетті пандустармен және басқа да қолжетімділік мүмкіндіктерімен жабдықталмаған. Бұл жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға үлкен қиындықтар туғызады. Мүгедектер амалсыз балама бағдар іздеуге мәжбүр, бұл жол жүру уақытын ұзартып қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне қосымша қатер төндіреді.
«Город» азаматтық науқанының белсенділері қалалық ортаның қолжетімділігі – жай ғана ыңғайлы емес, әлеуметтік әділеттілік мәселесі екенін атап өтеді. Қолайлы қалалық инфрақұрылымды құру – азаматтардың қауіпсіздігіне жасалған қадам, мұнда әрбір адам өзінің физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан қалада еркін қозғала алады. Жаңа адамдар өкілдері осы мәселені талқылау үшін Астана қаласы Есіл ауданының әкімімен кездесуді жоспарлап отыр. Жауапты тұлғалардың жауап беруін және өз жұмысын дұрыс орындағанын қалаймыз.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.