сейсенбі, 5 қараша, 2024 19:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырау соты әйелін ұрып-соққан бұрынғы аудан әкімінің жазасын жеңілдетті

Атырау соты әйелін ұрып-соққан бұрынғы аудан әкімінің жазасын жеңілдетті
Фото: Halyq Uni
Оған 700 АЕК (2 415 000 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Атырау соты әйелін ұрып-соққан бұрынғы аудан әкімінің жазасын жеңілдетті. Облыс сотының хабарлауынша, апелляциялық сот алқасы Мақат ауданы әкімі болған Ринат Ибрагимовке шыққан үкімді қайта қарады,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz Halyq uni сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші инстанциядағы сотта 2023 жылдың 31 мамырында Атыраудағы пәтерінде Ринат Ибрагимов пен оның әйелі арасында жанжал шыққаны анықталды.

Экс-әкім жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелділігін пайдаланып, осының негізінде жанжал шығарып, әйелінің оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген. Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп, денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында оны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген. Соның салдарынан жәбірленушінің 5-ші омыртқасы сынып, орташа ауырлықта зақым алған, - делінген іс материалдарында.

Сот үкімімен оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ одан 2 млн теңге өндірілді.

Іс апелляциялық сот алқасына жәбірленуші және қорғау тарапының шағымы, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша түскен.

Сот алқасы іс материалдарын қарап, Ибрагимовтің кінәсі жәбірленуші жауабы, сот-дәрігерлік сараптама қортындысы негізінде дәлелденді деген тұжырымға келді.

Апелляция алқасы «кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты» деген айып дұрыс тағылмаған деп шешті.

Жәбірленушінің сотталғанға материалдық тәуелділігі туралы дәлел ұсынылмады. Жәбірленушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды.

Осыған байланысты, Ибрагимов әрекеті қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды. Оған 700 АЕК (2 415 000 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар