
Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында жасөспірім қызды төрт жігіт зорлаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Жасөспірім қыз күдіктілердің бірімен таныс болған. 18-23 жас аралығындағы төрт жігіт қызды жұрт көзінен таса жерге апарып, зорлап, егер біреуге айтсаң өлтіреміз деп қорқытқан.
Полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында төрт күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы облысының Полиция департаменті.
Тергеу барысын өңір полициясының басшылығы бақылайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Біз қызметтік тексеріс жүргіземіз – Лепеха
Ұқсас жаңалықтар
Биыл "Әулиеата жастары" бағдарламасы бойынша қанша отбасы үйлі болады?
- авторОймақ
- 8 ақпан, 2025