сейсенбі, 5 қараша, 2024 21:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
фото: ашық дереккөз
Осыған дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған.


23 қазанда Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімі бойынша Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Индер ауданында туған.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Индер ауданындағы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, жалпы бөлімнің меңгерушісі болған.

2012-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2021 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Ал 2021-2022 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Осы тағайындауға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар