Париж олимпиадасына жолдама алу үшін 74 келі салмаққа көтерілген Нұрқожа Қайпанов Тиранада олимпиадалық емес салмақта өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Қайпанов мансабындағы ең үлкен жетістіктеріне тап осы 70 келі салмақта жеткен. Бұл салмақта ол екі дүркін Азия чемпионы атанып, әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленген. Париж олимпиадасына жолдама беретін үш іріктеу турнирінде де сүрінген Нұрқожа әуелгі салмағына ауысуды жөн көрген. Назарларыңызға Нұрқожа Қайпанов бастаған Қазақстан құрамасының құрамын ұсынамыз:
61 келі. Асыл Айтақын
70 келі. Нұрғожа Қайпанов
79 келі. Дәулет Ергеш
92 келі. Нұрдәулет Бекенов
Айта кетейік, Албания астанасында күрестің үш түрінен 4 салмақ дәрежесінде әлем чемпиондары анықталады. Бұған дейін Жәмила Бақбергенова бастаған қыздар құрамасының құрамын жазған едік.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.