"Хиджаб киіп келуге рұқсат берген жоқ": Жоғарғы сот мектепке орамалмен келуге қатысты тыйымның алып тасталмағанын мәлімдеді
- авторОймақ
- 26 қыркүйек, 2024
- 91
Көпшілік Жоғарғы соттың хиджаб кигендерді мектепке кіргізбеуге қатысты шешімін қате түсінген. Оны желідегілер мектепке орамал тағып баруға болады деп түсінген.
“Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы –Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі. Сонымен қатар бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған”, – деп түсіндірді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
едомоство ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау керегін атап өтті.
“Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады”, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.