Эпидемиологтар инфекцияның қайта өршуін коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы және күз келіп, күннің суытуымен байланыстырады. Ресейде қыркүйек айының соңында коронавирус, тұмау және тыныс алу ағзалары инфекцияларының таралуы күшейді. Кейінгі аптада елде тұмау мен жедел респираторлық-вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 50%-ға, ал COVID-19-ға шалдыққандар 30%-ға артты.
XEC штамы алдағы қыста коронавирустың басым нұсқасы болуы мүмкін, дейді эпидемиологтар. Жаңа штамм - Omicronның бір түрі. Бірақ бұрын коронавирустың басқа түрімен ауырған адамдарда жаңа дертке қарсы иммунитет болмайды, яғни қысқа мерзімде ковидпен қайтадан ауыруы мүмкін. Ал симптомдары әртүрлі болуы ықтимал.
Коронавирустың жаңа нұсқасы бұрынғы штаммдар сияқты түрлі аурулардың асқынуына себепші болуы мүмкін. Ол, мысалы, қанның ұюы, инсульт, инфаркт сияқты ауруды тудыруы ықтимал, - дейді дәрігерлер. Мамандар сондай-ақ, вирус түрленіп өзгерген сайын, бақылау жүйелері анықтап, емдеуге болмайтындай штаммның пайда болу қаупі артып келе жатқанын да айтады. Қалай дегенмен жергілікті билік қазір карантин шараларын енгізуге ниетті емес.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ливандағы «Хезболла» тобы марқұм басшысы Хасан Насралланың денесін тапты
- авторОймақ
- 30 қыркүйек, 2024
«С5+1»: Энтони Блинкен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті
- авторОймақ
- 28 қыркүйек, 2024