бейсенбі, 21 қараша, 2024 20:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылмақ

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылмақ
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанға АҚШ федералдық авиациялық әкімшілігінің өкілдері келді. Олар 2025 жылдың аяғында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін талқылады.

Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиация әкімшілігі Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігімен және Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірлесіп, тікелей рейстерді ашу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. 

26 тамыз бен 30 тамыз аралығында Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігін бағалау үшін АҚШ федералдық авиациялық әкімшілігі техникалық сараптама жүргізіп жатыр. 

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду АҚШ федералдық делегациясымен кездесу өткізді. 

Олар Қазақстандағы азаматтық авиация жүйесіне жан-жақты талдау жүргізіп, ұшу қауіпсіздігі мен халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейін одан әрі арттыру бойынша ұсыныс берді. 

Қазақстанға Boeing-787 Dreamliner ұшағы 2025 жылы жеткізілмек. Алыс қашықтыққа ұшатын әуе лайнерлері келгеннен кейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар