жұма, 22 қараша, 2024 0:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"40 минуттай жер астында жатқан": Қостанай облысындағы көшелердің бірінде қазылған шұңқырдан бала өлі табылды

"40 минуттай жер астында жатқан": Қостанай облысындағы көшелердің бірінде қазылған шұңқырдан бала өлі табылды
Фото: видеодан скрин
Қостанай облысы Рудный қаласында 2017 жылы туған бала құбыр жүргізіп жатқан топыраққа басылып қалған.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 тамызда 50 лет Октября көшесінде болған. 

Құтқарушылар мәйітті үйінді астынан алып шықты. Ол кезде нысанда жұмысшылар болмаған. Куәгерлер бала 30-40 минуттай жер астында жатқанын айтты.

"Осы факті бойынша полиция қызметкерлері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормативтік талаптарды бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. оның қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, ол бойынша тиісті процессуальдық шешім қабылданады", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Деректерге сенсек, тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. 

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеуге байланысты өзге де мәліметтер жарияланбайды", – деді полицияның баспасөз қызметі.

Видеокадрдан жақын туысының іздеу жұмыстарын болғанын және балаға жан ұшыра жүгіргенін байқауға болады.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар