Петр Врублевский орыстарға өшпенділік пен жеккөрушілік тудырды деген айыппен жалпы режимдегі колонияда алты жылға сырттай сотталды.
Жаза мерзімі Врублевскийдің Ресейде ұсталған немесе Ресей құқық қорғау органдарына тапсырылған сәтінен бастап есептеледі.
2022 жылы Қазақстандағы Украинаның сол кездегі елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогерге берген сұхбатында украиналықтар "мүмкіндігінше көп ресейлікті өлтіруге тырысып жатыр" деп мәлімдеген. Осы мәлімдемесінен кейін ол сынға қалды.
"Біз мүмкіндігінше олардың көпшілігін өлтіруге тырысамыз. Қазір орыстарды қаншалықты көп өлтірсек, біздің балаларымызды соншалықты аз өлтіреді. Бар болғаны сол", – деген ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.