Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 16 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
- авторОймақ
- 30 шілде, 2024
- 511
Түркістан облысында құтқарушылар суға құлап кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр. "2024 жылғы 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де достарының айтуынша, 16 жасар қыз фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлап, суға батып кеткен", - деп хабарлады ведомстводан. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 54 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техника, Түркістан облысы ПД 6 қызметкер және 3 техника, жергілікті атқарушы органдардың 11 қызметкері жұмылдырылды. Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.