Қазақстанда автомектептердегі оқыту және жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгертілмек
- авторОймақ
- 30 шілде, 2024
- 306
Премьер-министр автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасы мен жүргізу мәдениетіне теріс әсер еткенін атап өтті. Сөзінше, қазір автомектептерді ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. Олардың көпшілігінде қажетті материалдық база жоқ. Сапасыз дайындық үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастағандықтан, оқу процесі көбінесе формальді түрде жүзеге асырылады.
“Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық автомектепті есепке алу тапсырылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе талданады және қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады”, – деді Бектенов.
Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық автомектепті есепке алу тапсырылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе талданады және қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады.
"Автокөліктің техникалық жай-күйі жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жыл сайын еліміздегі автопарк өсіп келеді. Автокөліктерді техникалық тексеру сапасыз жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету орталықтары бас пайдасын ғана ойлап, жұмыс істейді. Жол үстіндегі қауіпсіздік және адамдардың өмірін сақтау мәселесі жекелеген тұлғалардың мүддесінен биік тұруға тиіс”, – деді премьер-министр.
Ол көлік министрлігіне көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізу сапасын тиімді бақылау тетігін әзірлеуді тапсырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.