жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда суық қару қолданып төбелескендер видеоға түсіп қалды: полиция пікір білдірді

Алматыда суық қару қолданып төбелескендер видеоға түсіп қалды: полиция пікір білдірді
Фото: t.me/kozachkow
Алматыда суық қару қолданып төбелескендер видеоға түсіп қалды: полиция пікір білдірді

 Алматы қалалық полиция департаменті қару қолданып бұзақылық жасады деген күдікке ілінген ер адамның үйқамаққа алынғанын мәлімдеді.  Telegram-дағы "Kozachkov offside" арнасында видео жарияланды. Кадрда адамдардың төбелескенін көруге болады. Пост авторының айтуынша, төбелес Алматыда болған, ал видеода зардап шеккен адам мемлекеттік жер инспекторы болып жұмыс істейді. "Бұған дейін ол заңсыз орнатылған дүңгіршекті бұзу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкер рұқсаты жоқ бола тұра, өзіне тиесілі емес жерге нысанды орнатқан. Сол себепті инспектор оны бұзуға бұйрық берді. Алайда кәсіпкердің ойына Жер ресурстарын басқару департаментіне келіп, инспекторды жекпе жекке шақырудан басқа шешім келмеген. Оған қоса ол өзімен бірге пышақ алған. Қазір полиция қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық туралы істі тергеп жатыр. Дүңгіршік иесі ұсталды", - делінген видеоның сипаттамасында. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. "Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару тәркіленді. Басқа да мән-жайлар анықталуда", - деді полиция департаменті өкілдері. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар