жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі жарияланады

Педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі жарияланады
фото: ашық дереккөз
Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі қашан жарияланатынын айтты.

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа ережесі жарияланатынын айтты. 

«Жалпы, аттестацияның ең басты мақсаты – мұғалімдердің жетістігін оқушылардың жетістігімен байланыстыру. Бұл –аттестацияның ең басты ерекшеліктерінің бірі. Жаңа аттестацияда бұрынғыға қарағанда оны тапсыратын барлық педагогтың мамандығына қатысты ерекшеліктер ескерілген», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министрдің айтуына қарағанда,  жаңа аттестацияда тек қана орта білім педагогтарының ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі білім мекемелерінің, қосымша білім беру саласының, арнаулы білім беретін педагогтердің, мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының ерекшеліктері көзделген.

«Жалпы, педагогтерді аттестациядан өткізетін ұлттық платформаны әзірлеуге арнайы қаржы қарастырылмаған. Өзіміздің ішкі мүмкіндіктеріміздің есебінен платформа жасалып, аяқталып қалды. Бір-екі күнде ашық НҚА порталына аттестацияның жаңа ережесі ілінеді. Содан кейін жылдағыдай көктемде аттестация басталады», - деді Ғани Бейсембаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар