Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының бастығы Анжела Бексұлтанова мәлімдеді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Психоактивті заттарды пайдалану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылыстары" диагнозымен 108 мың 722 адам динамикалық бақылауда тұр, оның ішінде 18329-ы есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелді болып шыққан.
Нашақорлардың 91% (16 817) – ерлер, 9% (1 512) – әйелдер, 2 734 (15%) – 18 бен 29 жас аралығындағы жастар, 66 – балалар мен жасөспірімдер. Өкінішке қарай ресми статистикада елдегі есірткіге тәуелді адамдардың нақты санын көрсетілмеген. Өйткені бұл көрсеткіш латентті болып табылады. Көптеген нашақор өздерінің жағдайын жасырады. 2023 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жағдайында есірткіге тәуелді 3534 науқас емделді, - деді Анжела Бексұлтанова.
Оның айтуынша, 20 жылдан бері нашақорларды медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешенді бағдарламасы іске асырылып келеді, оған детоксикация, психотерапиялық және психокоррекциялық емдеу, әлеуметтік оңалту кіреді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.