Қазақстандық жұптардың ажырасуының негізгі себептерін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атады.
"Ұлттық баяндамаға сәйкес, Қазақстандағы отбасылардың 95,4%-ы отбасылық қарым-қатынасты сақтайды және қанағаттанады.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда некелер саны 5,9%-ға, ал ажырасулар саны 5,3%-ға азайған", – деді Аида Балаева Сенатта өткен жиында.
Ол атап өткендей, ажырасудың негізгі себептерінің бірі:
- ерлі-зайыптылардың біреуінің маскүнем, нашақор болуы;
- тұрмыстық зорлық-зомбылық;
- опасыздық;
- құмар ойындарға тәуелділік;
Сондай-ақ көптеген қазақстандық балалы болу мүмкін болмағандықтан да ажырасып жатыр. Министрдің айтуынша, әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала