жұма, 22 қараша, 2024 17:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Астана-Зеленостройдың» бұрынғы бас директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

«Астана-Зеленостройдың» бұрынғы бас директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
фото: скрин
Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, «Астана-Зеленостройдың» бұрынғы бас директоры алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Ол алаяқтық әрекеті мен қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 15 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілініп отыр.

Оған қоса, "ол өз лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болған көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша атқарылған жұмыстардың құнын жоғарылатты деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.

Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар