жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет және қоғам қайраткері, қаламгер Мұрат Әуезов өмірден өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері, қаламгер Мұрат Әуезов өмірден өтті
фото: ашық дереккөз
Ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы растады.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, мәдениеттанушы ғалым, қаламгер Мұрат Әуезов өмірден өтті.

Ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы растады.

Мұрат Әуезов 1943 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Жамбыл облысының Меркі кентінде дүниеге келген. Ол – қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ұлы.

Ғалым М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. КСРО Ғылым Академиясының Әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшін диссертация қорғады. 

Мұрат Әуезов 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1992 жылы Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар