жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеліктерге сапалы аурухана жетіспейді – Сүлейменова

Ақтөбеліктерге сапалы аурухана жетіспейді – Сүлейменова
фото: ашық дереккөз
"Ақтөбе қаласы Алматы ауданынан заманауи аурухана салу мәселесін шешуге атсалысуыңызды сұраймыз"

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе қаласы Алматы ауданына жаңа аурухана қажет екенін айтып, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға сауал жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлттың дені сау және сауатты болуы – өте маңызды мәселе. Осыны ескермесек, экономиканы реформалау бос әурешілік болады. Бұл – мемлекеттің міндеті. Ең алдымен, адамдарға сапалы медицина қолжетімді болуы қажет», – деп нақты міндеттер жүктеген еді.

Осы ретте депутаттар Ақтөбе қаласының шалғай шетінде орналасқан Алматы ауданының 35 мың тұрғынының заманауи аурухана салу туралы ұсынысын жеткізу мақсатында депутаттық сауал жолдады.

– Алматы ауданы – Елек өзенінің жоғары жағында Балауса, Көктем, Жібек жолы, Рауан, Сая, Мағажан, Келешек, Бау-бақша ұжымдары елді мекендерін қамтитын халқы тығыз орналасқан жаңа аудан. Қысты күгі борандадып, көктем мен күзде жаңбырлатын 7-8 аялдама қатынап, осы ауданның 35 мың тұрғыны № 2 қалалық ауруханаға баруға мәжбүр.

Сауалымызды бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігіне жолдағанбыз. Алайда, бүгінгі таңда, «өңірлерде денсаулық сақтау ұйымдарын дамыту шараларын қабылдау жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде» деген шығарып салма жауабын алдық. Оған қоса, құзыретті орган жауабында Заречный-1 елді мекеніне медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория бар деп айтылған. Аталған амбулаторияда қарапайым анализ тапсыруға мүмкіндік қарастырылмағандығын ескерсек, балаларға, жүкті әйелдерге, қарттарға және мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді медициналық көмек алуға арналған бүгінгі мәселенің өзектілігі одан сайын арта түседі.

Құрметті Роман Васильевич! Азаматтардың өтінішін ескеріп, Ақтөбе қаласы Алматы ауданынан заманауи аурухана салу мәселесін шешуге атсалысуыңызды сұраймыз, – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Депутаттың айтуынша, аудан халқы күн санап өсіп келеді. Медициналық көмек олардың тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір тұрғынға қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан заманауи, жақсы жабдықталған аурухана құрылысын бастау кезек күттірмейтін мәселе. Осы орайда, қажетті құрал-жабдықтары бар заманауи аурухана салуға қаржы табу қажеттігін айтып, бұл аурухана Ақтөбе қаласының шалғай шетінде тұратын мыңдаған адамға қолдау болатынын жеткізді. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар