TikTok-та "жылдам табыс" уәдесіне сенген тұрғын 2 миллион теңгесін жоғалтты
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тұрғыны оңай ақша табамын деп алаяқтардың құрбаны болды. Telegram мессенджерінде ол TikTok-та видеоларды қарап және лайк қойып отырғаны үшін әр скриншотқа 300-800 теңге табамын деп алданып қалған.