жексенбі, 31 мамыр, 2026 14:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

LRT екі аптада миллионға жуық жолаушы тасымалдаған

LRT екі аптада миллионға жуық жолаушы тасымалдаған
әлеуметтік желіден
Бұл туралы қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,

Астанадағы қалалық жеңіл рельсті көлік жүйесі LRT Астана іске қосылған алғашқы екі аптада-ақ жоғары сұранысқа ие болғаны байқалды. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі жазбасында жобаға қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, қысқа уақыт ішінде LRT-мен 1 миллионға жуық жолаушы қатынаған. Күнделікті орташа көрсеткіш 65–75 мың адамды құрайды. Бұл дерек жаңа көлік түрінің елорда тұрғындары мен қонақтары арасында тез танымал болғанын көрсетеді.

Жеңіс Қасымбек жолаушыларға жаңа жүйені белсенді пайдаланғаны және қалалық инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар LRT жобасын кеңейту жұмыстары да басталғаны хабарланды. Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңді іске асыру жоспарланып отыр. Бұл қадам көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және елорда маңындағы қатынасты жақсартуға мүмкіндік бермек.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар