сенбі, 28 қараша, 2026 10:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Күн суытып, қар жауады

Күн суытып, қар жауады
ЖИ
Rөктайғақ болып, жел күшейеді және боран соғады.

Қазақстанда 28-30 қараша аралығында күн суытып, қар мен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Қар мен жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді және боран соғады.

30 қарашаға қарай түнгі ауа температурасы:

батыста – 5-12 градус аяз;

солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта – 10-18 градус аяз;

шығыста – 7-12 градус, таулы аймақтарда 15-20 градус аяз болады.

Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Астана

28 қарашада қар жауып, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және күндіз 5-7 градус аяз болады.

29 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде 8-10, күндіз 5-7 градус аяз күтіледі.

30 қарашада түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде 11-13, күндіз 8-10 градус аяз болады.

Алматы

28 қарашада түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Түнде +1...+3, күндіз +6...+8 градус.

29 қарашада жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 0...+2, күндіз +6...+8 градус.

30 қарашада таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде +1...+3, күндіз +5...+7 градус.

Шымкент

28 қарашада жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2...+4, күндіз +7...+9 градус.

29 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Түнде +2...+4, күндіз +8...+10 градус.

30 қарашада таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде +3...+5, күндіз +8...+10 градус болады.

Осылайша, алдағы күндері елдің солтүстік және орталық өңірлерінде аяз күшейсе, оңтүстік аймақтарда жылы ауа райы сақталады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар