сейсенбі, 17 қараша, 2026 17:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ипотека алудың шарттары жеңілдеуі мүмкін

Ипотека алудың шарттары жеңілдеуі мүмкін
magnific.com
Оларды 2027 жылы таныстыру жоспарланған.

Қазақстанда ипотекамен баспана алу үшін төленетін бастапқы жарнаны 10 пайызға дейін азайту мәселесі қарастырылып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Отбасы банкімен бірлесіп, тұрғын үй несиесінің жаңа шарттарын әзірлеуде. Оларды 2027 жылы таныстыру жоспарланған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы 17 қарашада Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

«Қазір бастапқы жарнаны төмендетуге мүмкіндік беретін тетіктерді қарастырып жатырмыз. Отбасы банкімен бірлесіп қаржыландыру үлгісін әзірлеудеміз. Жаңа шарттарды шамамен 2027 жылы жариялаймыз», – деді ол.

Журналистер бастапқы жарнаны қанша пайызға дейін төмендету көзделіп отырғанын сұрағанда, комитет төрағасы «10 пайызға дейін» деп жауап берді.

Қазір ипотеканың бастапқы жарнасы қанша?

Отбасы банкінде бастапқы жарнаның мөлшері таңдалған несие түріне байланысты.

Мәселен, тұрғын үй заемын алу үшін баспана құнының 50 пайызын жинақтау қажет. Ал жекелеген мемлекеттік және жеңілдетілген бағдарламаларда бастапқы жарна 10 пайыздан басталады.

Әзірленіп жатқан жаңа шарттар ипотеканы көбірек азаматқа қолжетімді етуге бағытталған. Алайда олардың кімдерге арналғаны, несие мөлшерлемесі мен өзге талаптары әзірге жарияланған жоқ.

«Ұмай» бағдарламасына сұраныс неге артты?

Баспасөз мәслихатында әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына қатысты жағдай да талқыланды.

Қараша айының басында бағдарлама бойынша өтінім қабылдау қайта басталған кезде Алматыдағы Отбасы банкінің бөлімшелерінің бірі алдында ұзын-сонар кезек пайда болған.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мұндай жағдай тұрғын үй несиесіне сұраныстың жоғары екенін көрсететінін айтты.

«Мұндай қарбалас белгілі бір өнімге қарамастан мезгіл-мезгіл туындайды. Бірақ бұл жерде аталған қаржы құралына сұраныс бар екенін түсінуіміз керек. Біз мүмкіндігімізге қарай талаптар мен тетіктерді жетілдіріп жатырмыз. Қосымша қаржы бөлінсе, мұндай сұранысты азайту үшін бағдарламалардың ауқымын кеңейту мәселесін қарастыруға дайынбыз», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар бюджет пен қаржы нарығының мүмкіндіктерін ескере отырып, тұрғын үй несиесінің қолданыстағы шарттарын жетілдіруді жалғастырады.

Ипотеканың бастапқы жарнасын 10 пайызға дейін төмендету әзірге ұсыныс ретінде қарастырылып жатыр. Жаңа шарттар 2027 жылы таныстырылуы мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар