сенбі, 14 қараша, 2026 11:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мектеп пен балабақшада жиналған ақшаға салық салынбайды

Мектеп пен балабақшада жиналған ақшаға салық салынбайды
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға қатысты түсіндірмесінде мәлімдеді.

Қазақстанда ата-аналардың мектеп пен балабақша қажеттілігі үшін ортақ жинаған ақшасы салық салынатын табыс болып есептелмейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға қатысты түсіндірмесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ведомствоның мәліметінше, ата-аналардың сынып немесе балабақша қажеттілігі үшін бірлесіп жинаған қаражаты ортақ шығындарға арналған ақша ретінде қарастырылады.

«Мұндай түсімдер бірлескен шығындар (ортақтасып жинау) болып табылады және кіріс ретінде танылмайды. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес, бұл сомалар жеке тұлғаның салық салынатын кірістеріне жатпайды», – делінген комитеттің түсіндірмесінде.

Аталған норма 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексінде қарастырылған.

Алайда бұл түсіндірме нақты ортақ шығындарға жиналған қаражатқа қатысты. Ал тауар сату немесе қызмет көрсету арқылы алынған төлемдер кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылуы мүмкін.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар