сенбі, 7 қараша, 2026 13:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Асханадан өрт шықты: зардап шеккендер жоқ

Асханадан өрт шықты: зардап шеккендер жоқ
видео скрин
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Түнде Алматының Түрксіб ауданындағы асхана өртенді. Құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды  ТЖМ баспасөз қызметі

Рихард Зорге көшесіндегі өрт туралы хабар "112" шұғыл қызметінің пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері ғимараттың шатыры мен бірінші қабаты жанып жатқанын анықтады.

"Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты. Оның бесеуінің көлемі 50 литр, ал екеуінің көлемі 20 литр болған. Осылайша қосымша қауіптердің алдын алды", - делінген хабарламада.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар