бейсенбі, 5 қараша, 2026 10:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Меркіде қайтыс болған 19 жастағы Мадинаның мәйітіне қайта сараптама жүргізілетін болды

Меркіде қайтыс болған 19 жастағы Мадинаның мәйітіне қайта сараптама жүргізілетін болды
Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев мәлімдеді.

Жамбыл облысы Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадинаның мәйіті қайта сот-медициналық сараптама жүргізу мақсатында эксгумацияланды. Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Журналистің айтуынша, алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына күмән туындағандықтан, марқұмның денесіне қайта сараптама жүргізу талап етілген.

«19 жастағы Мадинаның денесі қабірден қайта қазылып алынды. Алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына күмән келтіргендіктен, қайта сараптама жүргізуді талап еттік. Бүгін Алматы маңында полиция қызметкерлері мен мамандардың қатысуымен эксгумация жүргізіліп жатыр», – деп жазды Жан Ахмадиев.

Оның мәліметінше, эксгумация жұмыстары құқық қорғау органдары қызметкерлері мен тиісті мамандардың қатысуымен жүргізілуде.

Еске сла кетейік, бұған дейін тамыз айында Меркіде жас келіншек күйеуімен жанжалдасқаннан кейін қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Марқұмның құрбысының айтуынша, жанжал күйеуі сегіз айлық баласына сатып әкелген «Барни» шоколады үшін басталған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар