
Астанада ЖШС есепшісі ойын бизнесімен ақшалай пайда алу мақсатында алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Кінәлі әйел ЖШС-ның есепшісі бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы компанияның 385,9 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған", – деп жазылған хабарламада.
Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала