сәрсенбі, 30 қыркүйек, 2026 15:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақмола облысында анасын еміп жатқан сәби шетінеп кетті

Ақмола облысында анасын еміп жатқан сәби шетінеп кетті
фото: msn.com
Ақмола облысының Ақкөл қаласында әйел адам мас күйде сәбиін емізіп отырып, ұйықтап кеткен. Салдарынан қолындағы сәбиін абайсызда тұншықтырып, өлтіріп алған

Сотта белгілі болғандай, әйел адам оянған кезде сәбиінің қозғалыссыз жатқанын байқап, бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер сәбидің ауа жетпегеннен көз жұмғанын анықтады.

Іс сотта қаралып, прокурор әйел адамды бас бостандығын шектеу жазасын белгілеуді сұрады.

Жаза тағайындау барысында сот әйел адамның шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай деп, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп ескерді.

Сот үкімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар