Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйекте Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында болған.
Полицияның мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы жағынан келе жатқан. Бағдаршамның рұқсат беретін белгісіне солға бұрылған кезде ол қарсы бағытта келе жатқан Yutong автобусына жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Zeekr автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Zeekr автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






